Зорлау әрекеті үшін екі күдікті құрықталды

04 шілде, 13:27

Алматы облысында әйелдер полиция қызметкерлеріне зорлауға әрекет еткен ер адамды ұстауға көмектесті.

Бұл факті Талғар қаласында тіркелген, онда 2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні қалалық қараңғы көшелердің бірінде 30 жастағы әйелге белгісіз адам шабуыл жасаған. Оның айғайын естіген жаяу жүргіншілер полиция қызметкерлерін шақырған және оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан күдіктіні ұстауға көмектесті.

"Ұсталған ер адам қала және жақын елді мекендер бойынша таксист ретінде тасымалдаумен айналысатын 44 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомство дәл сол күні Талғардың басқа ауданында 19 жасар қызға шабуыл жасалған жағдай орын алғанын хабарлады. Көрші ауылдың 1991 жылы туылған тұрғыны болып шыққан күдіктіні тәртіп сақшылары "ізін суытпай" қолға түсірді.

"Бұл жағдайда күдіктінің жергілікті психонаркологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды. Оның туыстарын хабарлай отырып, ер адам медициналық мекемеге орналастырылды. Бұған дейінгі жағдай сияқты аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полициядан.

Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, алайда Талғар полицейлері ауданда тіркелген басқа қылмыстарға екеуінің де қатыстылығын тексеруге ниетті