Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындап, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар көтерілген жиында үкімет басшысы БҚО әкімінің жұмысын сынға алды:
- Ғали Нәжімеденұлы, сіздің өңірдегі кейбір дүкенде қанттың келісі 349 теңге. Ал енді “Дина” сауда орталығында баға 424 теңге. Яғни 20% қымбат. Екі сауда нүктесі қантты бір жерден алса да, осындай айырмашылық бар. Сіз Үкімет бекіткен 15% маржаны бақыламай отырсыз, -деді Әлихан Смайылов.
- Бағаны тексеру үшін аймақтарға адамдарды арнайы жібердік. Бірақ өздеріңіз түк жұмыс істемейсіздер. Өзіңіз маған ешкім көмектеспейді деп жыланасыз, бірақ қол қусырып қарап отырасыз. Жағдайды бақылап, тезірек шара қолдануды тапсырамын!,-деді премьер-министр.