Нұр-Сұлтанда 48 адам қызылша жұқтырған

28 мамыр, 09:30

Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау облысында өткен аптада қызылша жұқтырудың 86 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жалпы қызылша Қазақстанның барлық аймағында қылаң берген.

Соңғы аптада эпидемиологиялық жағдай бойынша қызылша ауруының 48-ден 38 жағдайы Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау облысында тіркелген.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қызылшаның 7560 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5339 жағдай немесе 70,6 пайыз. Аурушаңдық көбінесе барлық аурушаңдықтардың 61,6 пайызын құрайтын егілмеген балалар арасында тіркеледі.

"Ошақтарда 14 794 адам егілді. 1 сәуірден басталған қызылшаға қарсы қосымша егілу 9-10 айлық балалар мен медициналық қызметкерлер арасында жүргізілді. 66 618 бала мен 65,2 мың медициналық қызметкер егілді. Қосымша вакцинацияның арқасында сәуір айында қызылша ауруы наурызбен салыстырғанда 17,3 пайызға төмендеді", — деп атап өтті бас санитар.

Шет елдердегі қызылша жұқтыру жағдайына келсек, ағымдағы жылы тек Украинада 49 мыңнан астам оқиға тіркелген, оның 17-і өліммен аяқталған.