Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабыловқа сілтеме жасай отырып Zakon.kz вирустық менингит ауруының алдын алу шаралары талқыланғанын хабарлады.
3 жастан 6 жасқа дейінгі және мектеп жасындағы балалар вирустық менингитпен жиі ауырады. Айта кету керек, көктемгі-жазғы маусым елордада жыл сайын айына 80-ге дейін вирустық менингит тіркеледі.
"Күн
сәулесімен су айдындарының бетінің
қызуы энтеровирустардың
көбеюіне жағдай жасайды. Сондай-ақ вирус
су, көкөніс, жеміс-жидек, тамақ
өнімдері, лас қолдар арқылы, адамдар
көп жиналған кезде ауа-тамшы жолымен
беріледі. Жұқтыру су айдындарында және
жүзу бассейндерінде суға түсу,
субұрқақтарда жиі болады", - деді
Байғабұлов.
3
жастан 6 жасқа дейінгі және мектеп
жасындағы балалар вирустық менингитпен
жиі ауырады, ал ересектер өте сирек
ауырады.
Нұр-Сұлтанда
2018 жылы 292 адам ауырды.
Оның 226-сы бала (77%),
оның ішінде 119 оқушы. 2019 жылы сәуірде 3
бала вирустық менингитпен ауырды, оның
ішінде біреуі оқушы.
Медициналық көмекке дер кезінде қаралуына
байланысты асқынуларды болдырмау мүмкін
болды.
Департамент
сарқынды суларға, ашық су қоймаларына,
бассейндер мен субұрқақтарға зертханалық
бақылау жүргізді және зертханалық
зерттеу нәтижелері бойынша ағымдағы
жылдың сәуір айында сарқынды сулардың
4 сынамасында энтеровирус анықталды,
бұл вирустың айналымын көрсетеді.
Жұқтыру
жағдайында келесі клиникалық көріністер
байқалады: ЖРВИ түрінде, оның ішінде
әлсіздік, бас ауруы, ұйқышылдық, жоғары
температура, құсу, диарея қосылады. Егер
өзін-өзі емдеумен айналысса, мидың
зақымдануы (менингит/энцефалит) немесе
вирустың тасымалдануы
мүмкін.
Биылғы жылы шомылу маусымы
басталғаннан бері вирустық менингит
аурушаңдығының өсуі күтілуде.
Вирусты
менингитке қарсы арнайы дәрі-дәрмек
немесе вакцина жоқ болғандықтан,
департаментте күрделі
емес, бірақ өте тиімді алдын алу шараларын
сақтау туралы еске салды:
ашық су айдындарында, субұрқақтарда шомылудан шектелу;
қайнаған суды немесе бөтелкедегі суды ішу;
жеке гигиена ережелерін сақтау;
жемістер мен
көкөністерді қолданар алдында жуып,
мүмкіндігінше қайнаған сумен
шаю.
өзін-өзі емдеумен айналыспау
және алғашқы симптомдар кезінде
медициналық көмекке жүгіну маңызды.
"Вирустық
менингиттің алдын алу мәселелері бойынша
87780127000 телефоны бойынша кеңес алуға
болады",-делінген дереккөзде.