Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдеді

19 наурыз, 19:06

Бұл туралы ол 2019 жылдың 19 наурызы күні елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне қатысты жасаған Үндеуінде мәлімдеді.

"Біз сіздермен бірге бәрін жасадық, қазақстандықтар. Сіздер мені барлық сайлауда қолдадыңыздар. Бұндай елдің президенті болу үлкен бақыт. Мен сіздер үшін бүкіл сеніммен және адал еңбек еттім. Сіздердің арқаларыңызда президент болдым," - деді Назарбаев.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға өз алғысын білдірді.