Валюта:
  • USD / KZT - 519.55
  • EUR / KZT - 596.03
  • RUB / KZT - 6.63

    Шымкентте COVID-19 диагнозы анықталған 4 адам бұған дейін карантинге жатқызылған

    10 сәуір, 12:05

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мегаполисте коронавирус диагнозы расталған төрт адам бұған дейін қауіпті инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

    ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

    Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

    Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.

    Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    10.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 31 адам анықталды.