Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың бірі - автобус жүргізуші

27 наурыз, 09:46

Қазір №1 автобус паркі карантинге жабылды.

Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған азаматпен байланыста болған.
Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандарды стационарға, бір бөлігі үй карантиніне жатқызылды.
Еске салсақ, 27 наурыздан бастап жолаушыларға елордадағы қоғамдық автобустардың алдыңғы есігі арқылы кіруге тыйым салынды, ал жүргізушілер арнайы қоршаумен қоршалды. Сонымен қатар жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеуге рұқсат жоқ.