Шымкентте жалғыз адамдық пикет өтті

17 ақпан, 13:52

Белсенді Жанмұрат Әштаев Арбат демалыс орнының кіреберісінде жеке пикет өткізді. Ер адамның айтуынша, мақсаты - өзінің азаматтық ұстанымын білдіру.

Ол өзіне назар аударғандарға әрекетін былайша түсіндірді:

"Мен жеке пикетке шықтым, өйткені қазір билік пен халық арасында диалог жоқ. Заңда елдегі билік көзі - халық деп айтылған. Бірақ қазір бұл принцип сақталмайды. Билік өз бетінше, халық өз бетінше. Мен демократиялық құқықтық мемлекет құрылғанын қалаймын. Қазір біздің көптеген отандастарымыз түрмеде. Мен оған қарсымын. Болашақта Шымкентке ғана емес, бүкіл Қазақстанға да бұл заңсыз ұстап алу, айыптау ықпал етеді. Барлық салада былық, оның дәлелі – Макс Бокаев пен Мұхтар Жәкішевті заңсыз қамауға алу. Мен ондайға қарсымын. Конституциялық құқықтарымды пайдалана отырып, мен жалғыз пикетке шықтым..."

Арбат кіреберісінде келген пикетшінің қанша уақыт тұрғаны белгісіз.