​Түркістандық офтальмологтар блефаропластика техникасын меңгеруде

13 ақпан, 19:16

Қабағын көтеру немесе көз қиығын өзгертуді қалаған қыз-келіншектерге енді алысқа барудың қажеті болмайды. Мұндай операцияларды Түркістан облысының дәрігерлері де жасамақ. Түркістан облыстық клиникалық аурухананың офтальмология бөлімшесінде "Офтальмопластика" тақырыбында шеберлік сабағы өтті, деп жазады Elitar.kz Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шеберлік сабағын Киевтен келген медицина ғылымдарының докторы Оксана Петренко жүргізді. Ол облыс тұрғындарына ота жасады.

Пластикалық және қалпына келтіру офтальмохирургиясы - Түркістан облыстық клиникалық аурухананың офтальмологиялық бөлімшесінде сәтті жүзеге асырылып жатқан жаңа бағыттардың бірі. Семинар мен практикалық сабақта көру органдарында туа бітті, жасқа орай және жарақаттан кейінгі ақаулары бар науқастарды емдеудің заманауи мүмкіндіктері қарастырылды. Киевтік қонақ қабақ дерттері мен өзгерісін қалпына келтіру операцияларын жасаудың бірегей тәжірибесімен бөлісті. Птоздың түрлері, қабақтың туа бітті өзгерісі, жоғарғы қабақтың эндокринді патологиядағы ретракциясы бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ, эстетикалық блефаропластика облыстың офтальмолог дәрігерлеріне арнап өткізілуде.
Офтальмологияның эстетикалық бағыты науқастар, мысалы, жарақаттан кейінгі ақауларды емдеуге ғана емес, эстетикалық келбет пен өмір сапасына жоғары талар қоятын қазіргі таңда өзекті саналады. Міне, сондықтан Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы осы бағытты дамытуға тиісті көңіл бөлуде.
Офтальмопластика - бұл пластикалық хирургияның бір бөлігі. Ол көру органы мен оның қосалқы аппаратының анатомиялық және қызметтік ақауларын қалпына келтіруді мақсат тұтады.
Қабақ, көз қиығы мен коньюктивті тұсына операция жасау офтальмологияның маңызды бөлігі саналады. Себебі мұндай операция жасау қажеттілігі жоғары, ал ақауларды емдеуде жоспарлаудың жаңа принциптері мен микрохирургиялық техниканы, арнайы құралдар, тігіс материалдарын қолданып жасауды және мол офтальмохирургиялық тәжірибені талап етіледі.
Шеберлік сабағы аясында 5 операция және бөлімше дәрігерлеріне семинар өткізу жоспарлануда. Офтальмология мен офтальмопластикада лазерлі радиотолқынды аппаратураны қолдану, мысалы, операцияны пышақ тілігінсіз, керемет косметикалық нәтижемен жасауға мүмкіндік береді, көздің сыртқы жабындарының жарақаттану тәуекелін төмендетеді, науқастың отадан кейінгі оңалу мерзімін күрт азайтады.