​Шымкенттегі фитнес-орталықтың күзетшілері көлік ұрысын ұстап алды

28 қараша, 15:50

Күзетшілердің ұрыны жерге жатқызып, ұстап тұрған кадрларды бізге мобильді тілшіміз жіберді. Әйелдің айтуынша, күдікті көлікке ұрлыққа түскен сәтінде ұсталған, деп жазады Elitar.kz.

Элиталы фитнес-клубтың маңында әдетте қымбат көліктер тұратыны белгілі. Ұрының көзі де солардың біріне түссе керек. Видео авторы көлік ұрысы өзіне ұнаған бөлшекті шешіп алмақ болған сәтінде күзетшілер ұстап алып, полиция келгенше жібермей тұрды дейді.

Соған қарағанда ұрлықы бөлшектерге сұраныс қалада бар секілді. Белгілі спортшы Денис Теннің қайғылы жағдайынан соң болған тексерулер ешқандай нәтиже бермегендей.