Қарағанды облысында "STOP-игра" жедел алдын алу іс-шарасы аясында "Покер" карта ойыны түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғынның әрекеті әшкереленді.
«Ұйымдастырушының бастапқы ақшалай мөлшерлемемен ақша қаражаты үшін фишкаларды сату арқылы құмар ойындар өткізгені анықталды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» делінген агенттік таратқан мәліметте.