27 ақпан, 10:35
Тазар қаласында жарылыс болған үйде тұратын адамдардың хал-жағдайын білуге арналған шұғыл желі жарияланды: 8 (7262) 51-35-75.
Еске салайық, 27 ақпан күні таңғы сағат 06:20-да Тараз қаласы 9-шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды.
Алдын ала болжам бойынша, жарылыс екінші қабаттағы пәтерде болған.
– Сағат 06:21-де алты подъезді тұрғын үйде (9-шағын аудан, №62 үй) жарылыс болғаны туралы хабарлама түсті. Үйде 90 пәтер бар. Соның салдарынан 1-қабаттан 3-қабатқа дейін опырылыс болды. 300 адамды №41 мектепке көшірдік. Оқиға орнында шұғыл қызмет өкілдері, психологтар жұмыс істеуде, – деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мұнатаева.
Тараздағы төтенше жағдайды үкіметтік комиссия тексереді.
Автор:
Elitar.kz