​Тікұшақ апатынан мерт болғандардың тізімі жарияланды

28 наурыз, 10:30

Сағат 17:50-де Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Крайный әуежайынан Шымкент әуежайына ұшып шығады. Сағат 18:30-да Жалағаш елдімекенінен солтүстік-батыс жақта 15 шақырым жерде №28 бортпен байланыс үзілгені жайлы мәлімет түседі.

Тікұшақ апаты болған жерде мерт болғандар тізімі:
Экипаж командирі Роман Петрович Костыгов;
Экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б.Айтбаев;
Борт технигі, майор Тимур Әділқанұлы Құдайбердиев.

Мерт болған борт жолаушылары:

Майор Қоңырбай Д.А.;
капитан Масалим С.М.,
аға сержант Шарипов М.Р.;
кіші сержант Абдулманов А.Т.;
аға лейтенант Рахимбаев Г.К.;
евфрейтор Байбаков Б.,
ефрейтор Джуматов М.А.,
ефрейтор Абдильдинов А.Т.,
ефрейтор Саркытбаев К.

Құлаған ұшақ Ақтау гарнизонының №30153 авиация бөліміне тиесілі болған. Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырауы салдарынан мерт болғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылардың жұмысына тікұшақтың батпақты жерге құлағаны қиындатып отыр.