Орал: 5 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

12 шілде, 15:09

Бүлдіршін бірден ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен хабарлағандай, ойын баласы бес қабатты үйдің үшінші қабатынан құлап түскен.

- 2017 жылғы бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Қазір баланың жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Жерге құлап түскенде оң иығы шығып кеткен, - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.