Ғимараттың терезесін сындырып ішке кірген қаскөйлер мұндағы дүние-мүлікті бүлдірген. Бірақ шыны шкафтың ішіндегі компьютерлер ғайыптың күшімен аман қалыпты. Оралдықтардың айтуынша, мұндағы компьютерлерде көлік иелеріне қатысты маңызды мәліметтер сақталуы мүмкін. Қаскөйлердің осы деректерді қолға түсіріп, теріс мақсатта пайдалануы да ғажап емес.
- Мұндай келеңсіз оқиғаның орын алғаны рас. Белгісіз біреулер ғимаратқа түнде ұрланып кірген. Бірақ қазір бұл бекет жұмыс істемейді. Дегенмен ғимараттың өзі және ондағы дүние-мүлік БҚО ПД балансында. Мемлекет мүлкінің бүлінгені туралы дерек тіркеліп, қазір осы іске қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова.