Батыс Қазақстан электр тораптары компаниясы өкілдері ойын баласы қоршаудың ішіне өзі кіргенін ресми түрде мәлімдеді. Демек, сәбиін қараусыз қалдырған ата-ана да жауапқа тартылуы тиіс.
- Ауылдағы қосалқы электр стансасының барлық есігі жабық болған әрі стансаның айналасы түгел қоршаулы. Бірақ балалар қоршаудың астыңғы жағынан кішкене қуыс жасаған. Сосын сол жерден ішке кіріпті. Қосалқы стансаның ішінде ойнап жүргенде кілттеулі тұрған ұяшықтардың бірін ашқан. Сол ұяшықтың ішіне кірем дегенде токқа түсіпті. Қазір осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Қазір осы комиссия оқиға болған Жаңақазан ауылына шұғыл аттанып кетті. Енді қалған мән-жайды мамандар анықтайды, - дейді Батыс Қазақстан электр тораптары компаниясының бас инженері Асқар Ғайсин. Дегенмен мекеме өкілі зардап шеккен баланың отбасына материалдық көмек көрсеткенін жеткізді. Алдағы уақытта да осы отбасыны назарда ұстап, жәрдемдеспек.