БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунованың айтуынша, жараланған әйелдердің жағдайы жаман емес. Қазір олардың бірі қалалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылып, «басы мен миы шайқалған» деген диагноз қойылыпты. Жағдайы орташа ауыр. Ал қасындағы құрбысына медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберіліпті.