22 ақпан, 15:47
Оралда тапа тал түсте дүкенге баса-көктеп кірген тонаушы ұсталды. Бұл сәт сауда орнындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.
Жас жігіт түс кезінде ұялы телефон сататын дүкенге кіріп, сауда сөресін теуіп сындырады. Еш қымсынбастан, 4 ұялы телефонды алып, ізін суытыпты. Ожар мінезді тонаушы тіпті іште сатушының тұрғанына да мән бермеген. Дүкен иесінің айтуынша, келтірілген шығын көлемі 480 мың теңгеге жуықтайды. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол 26 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі(тонау)бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, төрт телефон үшін төрт жылға сотталуы мүмкін.