Оралда есірткі тасумен айналысқан қыз ұсталды. Полиция қызметкерлері 19 жастағы бойжеткеннен пакетке оралған 46 түйіншекті тауыпты. Бұл түйіншектердің жалпы салмағы 30 грамнан асады. Сарапшы берген қорытындыға сәйкес, табылған заттар «мефедрон» деп аталатын синтетикалық есірткі болып шықты. Полицейлер тәркіленген есірткінің аса ірі мөлшерде екендігін айтады. Енді олар облыс аумағына синтетикалық есірткілерді кім жеткізгенін анықтап жатыр. Ұсталған қыздың өзі де кінәлі екендігін мойындапты.