​Қостанайда оқушының әкесі мұғалімді соққыға жығып, жағын сындырды

31 қаңтар, 19:00

Оқиға М.Горький атындағы гимназияда орын алған. Екінші сынып оқушысының әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қол көтеріп, салдарынан оқытушының жағы сынып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Elitar.kz.

Сабақ барысында оқушыға мұғалім бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ оқушы құлақ аспаған көрінеді. Кейін ашуға булыққа мұғалім оны келеке етіпті. Бүлдіршін болған жайды әкесіне айтқан соң ер кісі мектепке келіп, дәлізде оны кездестіріп қалып соққының астына алады. Бұл оқиға мектептің бақылау камерасына түсіп қалған.

Полиция департаментіндегілерге білім ұясының қызметкері хабарласып, әріптесінің соққыға жығылғанын хабарлаған. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Қасақана орташа дәрежелі дене жарақатын салу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Бірнеше сараптама тағайындалған.