Өзін полицейлер тоқтатқан қостанайлық жүргізуші тәртіп сақшыларына наразылығын білдіреді. Оларды мазақ етіп, тіпті былапыт сөздер айтады. Кейіннен оқиға орнынан кетіп қалады. Жүргізуші осы сәттің бәрін видеоға түсіріп отырған. Видео көп ұзамай ТікТок-та тарап кетті.
«Жүргізушінің әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы (Заңды өкімге немесе талапқа бағынбау) бойынша қаралып жатыр. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 378-бабына (Билік өкілін жәбірлеу) сәйкес, тіркелген екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-деді ведомствадағылар.