Бүгін мен белгілі бір адамдар арқылы өте сауатты басқарылатын нағыз топтың қандай болатынын түсіндім...
Ақ мешіттегі оқиғалар қарқынды дамуда. Алдымен адамдар Темірлан тас жолын жапқаны хабарланды. Наразы топ «Арыс"! Арыс!",-деп айғайлады.
Бұл
жерде біздің инстаграм-парақшамызда
көрсетілген барлық жайттарды қайталап
айтудың мәні жоқ. Мен оқиға туралы өз
пікіріммен бөлісемін.
Бүгін мен
сырттай ғана басқарушысы жоқтай көрінетін
топты көрдім. Шын мәнінде, оны біреу өте
сауатты басқарып отыр. Ашық түрде
арандатқандар мен, тасадан бұғып жөн
сілтейтіндер де болды.
Ал топ қалаға
қарай бағыт алғанда, олардың кейбіреулері
полицейлерді ұра бастады...
Мұны оңбағандық емей не деп
атауға болады??! Олар жүре алмайтын
қарияларды тастап, өз өмірлерін сақтап
қалу үшін өз үйлерінен қашып кетті. Бұл
полицейлер өз өмірлеріне қауіп төндіре
отырып, олар тастап кеткен ата-аналарын
қаладан алып шығып, эвакуациялады.
Бұл полицейлер арыстықтарға
көмек көрсету қорына бір күндік
жалақыларын аударды.!
Қиын жағдайда
қол созған адамға есегі судан өткен соң
бетке түкіру адамгершілік нормаларына
қаншалықты сай келеді?
Кешіріңіз, бірақ бүкіл ел көмектесу
үшін біріккен кезде, мұндай әрекетті
ақтап алу қиын.
PS.: меніңше оларға
бәрібір сияқты. Тіпті егер оларға бүгін
Шымкент қаласынан пәтерлер ұсынса да,
ертең жер үй сұрайды, арғы күні несиемізді
жауып бер дейді. Осылай кете береді.
Өйткені олардың «үйретушілерінің»
көздегені тым басқа.