Баласы үшін әкесі: 5 сынып оқушысын жаралаған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

30 қараша, 18:30

Құқық бұзған жеткіншектің өзі 6 сыныпта оқиды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің өкілдерінің хабарлауынша, оның басқа оқушыға пышақ лақтырғаны үшін ата-анасы жауапқа тартылды дейді, деп жазады zakon.kz.

20 қараша күні балалар ауруханасына Ақтөбедегі мектептердің бірінің оқушысы арқасында пышақ жарақаты бар диагнозбен жеткізілген. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 5 сынып оқушысын 6 сынып оқушысы жарақаттапты. Екеуі де бір мектепте оқиды. Оқиға мектептен тыс жерде, оқушылардың жанжалдасуы салдарынан болған.
Қазіргі таңда оқушылар мен олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілді. Бұған қоса пышақ жарақатын салған оқушының ата-анасы ҚР қылмыстық кодексінің 140-бабы (жасы кәмелетке толмаған жеткіншекті тәрбиелеу міндетін орындай алмау) бойынша жауапқа тартылып, оқушы арнайы есепке қойылды.

ФОТО: zakon.kz