28 қараша, 15:20
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев VIII Азаматтық форумы кезінде Шымкенттегі "Ашық әкімдік" жобасын қолдады, деп хабарлайды Elitar.kz.
– Шымкентте "Ашық әкімдік" жобасы бойынша жақсы жұмыстар атқарылуда. Кеше осы туралы жақсы жаңалық естідім. Солай болуы тиіс, мен оны қолдаймын, - деді Мемлекет басшысы Астанада өткен Азаматтық форумда.
Бұл туралы "Шымкент Ақпарат орталығы" ЖШС-нің директоры Айгүл Қапбарова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде Шымкенттегі жобалар туралы таныстырған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов енді тұрғындармен айына бір рет емес, апта сайын кездесетінін хабарлаған болатын.
– Әр жұма күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін тұрғындармен кездесетін боламын. Қабылдауға жазылу үшін әкімдік кеңсесіне келудің қажеті жоқ, әкімдіктің ресми сайты арқылы жазылуға болады, - деді Ғабидолла Әбдірахымов.