04 желтоқсан, 14:40
Алматының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты Мұрат Асқароғлын қамау мерзімін ұзартты. Оған 2018 жылдың 16 шілдесі күні өз ұлын таспен ұрып, өлімші халде жолдың шетінде қалдырды деген айып тағылуда, деп хабарлайды Elitar.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бес жасар баланы жолдан өтіп бара жатқандар тауып алған. Ол бірнеше күн бойы ауруханада ес-түссіз жатты.
Алдымен баланы көлік қағып кетті деген хабар тараған. Полиция көлік пен жүргізушіні іздестіреді. Кейін құқық қорғаушыларға баланың әкесі келіп, мас кезінде ұлының басын таспен ұрғанын мойындайды.
Мұрат Асқар-оғлы 2 тамыздан бері тергеу абақтысында қамауда жатыр. Бүгін сот қылмыстық істің материалдарымен танысу үшін қамауда жату мерзімін ұзартты.
Автор:
Динара Бекболаева, Шымкент