Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен республикалық ұйымдардың басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.
«Білім басқармаларына былтыр бір немесе бірнеше мөлшерлемемен жұмыс істеген барлық мұғалімді қажетті оқу жүктемесімен қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ 23 тамызға дейін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан көмек алатын барлық 475 мың азаматтың банктегі шотына қаржыны аудару және осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап үш ауысымда жұмыс істейтін педагогтерді қоспағанда, барлық мұғалімнің бес күндік жұмыс аптасына көшуін қамтамасыз етуге қатысты тапсырма берілді» делінген министрлік мәліметінде.