​Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

26 қыркүйек, 15:10

Енді қазақстандықтар білім саласына қатысты кез келген сұраққа үйде отырып-ақ біле алады. Ол үшін бірыңғай байланыс орталығына хабарласса жеткілікті.

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты. Орталыққа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін хабарласуға болатын. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.

Өңірлік білім басқармалары бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі.

«Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты» деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігіндегілер.