Шымкентте клизмадан күйіп қалған 2018 жылы туған бала 03.04.19. ж. санитарлық авиациа көмегімен Шымкенттегі инфекциялық ауруханадан Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.
"Қазір баланың жағдайы ауыр емес, тұрақты. Кішкентайдың оң жақ жамбасы мен тікішегінің күйгені анықталды. Балаға ректоскопия жасау кезінде тікішектің шырышты қабатының күйгені байқалған. Бірақ, қансырау мен некроз белгілері жоқ. Тікішектің басқа бөлігі өзгермеген. Бала консервативті ем қабылдауда. Мамандардың айтуынша, науқастың емінде оң нәтиже байқалады",-делінгін хабарламада.
Баланың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.