​Алматыда композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

07 қараша, 12:23

Қазақ вальсінің королінің құрметіне қойылған ескерткішті Республика сарайының маңынан көруге болады.

Ескерткіш жұмысына бес маман екі ай уақыт жұмсады. Мүсін авторы Қанат Бегулиев айтуынша, мүсін қоладан жасалған және гранит тасқа орнатылған.

"Композицияға келер болсақ, онда Шәмші аға орындықта отырған сәт бейнеленген. Біз мұны композитордың шығармашылық сәті деп көрсеттік. Адамдар жақындап, суретке түсулеріне ыңғайлы болуы үшін осындай көрініс таңдалды. Мүсін жұмысына кіріспес бұрын кезінде онымен таныс болған адамдардан ақпарат жинадық. Шәмші аға ұлымен тікелей жұмыс істедік", - деді Қанат Бегулиев.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ вальсінің королі 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.