Павлодар тұрғыны жұбайының халі нашарлағанын айтып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде, әйелімен бірге оларды пәтерге қамап қойған, деп хабарлайды Elitar.kz.
Медиктер пәтерде қамалып қалған соң, ер адам оның шақыруына неге ұзақ уақыттан кейін келгендерін түсіну үшін станцияға барған. Бұл 28 сәуірде орын алды, дейді Pavlodarnew.
"Ер
адам медицина қызметкерлерін заңсыз
ұстап
отырғанын ескерткеннен соң ғана
жұбайына қоңырау шалып, "тұтқындарды"
шығар деп
айтқан",
- деп хабарлады станциядағылар.
Дәрігерлер
аталған оқиға бойынша полицияға жүгінді.
30 сәуірде
ер
адамға
қатысты сот өтті. Тәртіп бұзушыға
5 АЕК айыппұл төлеуге үкім шығарылды.
Бұған жауап ретінде ер адам денсаулық
сақтау басқармасына арызданған.