Павлодарда үш жігіт жабылып зорлаған жетім қыз 10-қабаттан секіріп, өз өмірімен қош айтыспақ болды. Қыз биіктен құлаған соң аман қалған, бірақ ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.
"Қызды пәтерге алдап кіргізіп, зорлаған. Бұған төзе алмаған ол терезеден секіріп кеткен. Ең сорақысы, бұл қыз – тұл жетім, Павлодардағы жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі. Бізге оның әпкесі шағымданып, жалғыз туысы екенін айтты. Жақында ол кәмелет жасына толды. Қазір зардап шеккен қызға қамқоршысы ретінде рәсімдеуге көмектесу керек", – деп жазды қоғам белсендісі.
«Кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Полиция ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігі, 121-бабының 3-1-бөлігі және 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу ерекше бақылауда»,-деді департаменттегілер.