Зейнеткер монополистке миллион теңгеден астам қаржы қарыз болып шыққан

30 мамыр, 09:00

"Көкшетау Энерго" қалалық электр желісі филиалының қызметкерлері зейнеткердің үйінен ақау тапқан, деп хабарлайды Elitar.kz

25 сәуірде, үйдің ауласында орналасқан электр энергиясын есепке алу құралын тексере отырып, комиссия пломбалау құрылғысының жоқтығын анықтады. Олар акт жасап, есептегіш алынды.

14 мамыр күні зейнеткер сотқа дейінгі шағым алды. Анықталғандай, зейнеткерден табылған тәртіп бұзушылық 1 128 863 теңге соммасын құрайды.

Хатта әйелге 10 күндік мерзімде қарызды өз еркімен өтеуді ұсынды. Әйтпесе, барлық материалдар сотқа беріледі. Бұл дегеніміз, қойылған сомадан басқа, қарыз толық өтелгенге дейін оның барлық мүлкіне тыйым салу үшін сот шығындарын да төлеуге тура келеді.

Айта кетерлігі, электр энергиясы үшін әйел ақшаны кешіктірмей төлейтін, бір ай қарыз болып, екі айдыкін бірден төлейтін кездер аз болатын.

Зейнеткер "Көкшетау Энерго" филиалының директоры Нұртай Есмағанбетовке шағымданып, өзінің жағдайын түсіндірді - жақында ол күйеуін жерлеген және мұндай соманы оның жағдайы көтермейді. Ол ең болмағанда қарызды 100 000 теңгеге дейін төмендетуді сұрады.

Директор әйелді тыңдап, тіпті көмектесуге уәде берді. Соманы қайта қарау туралы өтініш жазуды өтінген.

Бас энергетиктен көңілді шыққан ол үйіне келіп жауап күтті. Жауап та көп кешіктірген жоқ. Бір аптадан кейін оған директорының қолы қойылған жауап келді. Онда қарыз сомасы қайта қаралмайтыны жазылған.

Ал бүгін комиссия шешімінің негізінде зейнеткердің үйі электр желісінен ажыратылатын болды.