Нұр-Сұлтанда қаңғырған төртаяқтыларға арналған алғашқы питомник салынды, бірақ екі ай бойы ол бос тұр. "Астана-Ветсервис" питомникті балансқа қабылдаудан бас тартты, еріктілер қабылдауларын талап етуде, ал әкімдік тендер дайындап жатыр. Мәселенің мәніне Informburo.kz тілшісі үңіліп көрді.
Қазақстандағы алғашқы қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік питомник Нұр-Сұлтанда бой көтерді.
Оның құрылысына 675 млн теңге жұмсалып, биыл Астана күніне орай салтанатты түрде ашылмақ. Бірақ ашылмады. Ғимарат салынса да, иттер мен мысықтарға арналған вольерлер дайын болса да, онда ветеринар дәрігерлер жоқ, ал коммуналдық қызметтер су мен электр энергиясы үшін мекемеге миллион теңгелік түбіртек жіберген.
Және, ең алдымен, мұндай жағдай кем дегенде желтоқсанға дейін созылмақ.
Маусым айында питомникті пайдалануға берер алдында әлеуметтік желілерде шу шықты. Оның себебі, бастапқыда еріктілер питомниктерді мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде басқаратынын болжаған болатын, бірақ қала билігі "Астана-Ветсервиске" питомникті беріп, мәселе жабылатын болған.
Бірақ "Астана-Ветсервис" директоры Данияр Абдулов бұдан бас тартты.