​Автобустың өртенуіне қатысты күдікті Өзбекстанда ұсталды

26 желтоқсан, 15:17

Ақтөбе облысында өртеніп, 52 адам мерт болған автобустың иесі Өзбекстанда қолға түсті. Ол Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

«Ұсталған азаматқа техникалық олқылықтарды бар автобусты заңсыз пайдаланды деген айып тағылып отыр. Ақтөбе облысында биыл қаңтар айында болған бұл оқиғаның соңы көлік құралының өртенуіне және 52 адамның мерт болуына әкеп соқты. Қылмыс болған соң күдікті көрші елдің аумағында жасырынып жүргендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын», - делінген хабарламада.

Мехтиев Шымкенттегі тергеу абақтысына қамалды.