Көз жұмған алматылықтан коронавирус диагнозы 16 наурызда расталған

10 сәуір, 11:46

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасындағылар жасанды желдету аппаратына қосылған науқастың өлімі кеше түнгі сағат 23.50-де анықталғанын мәлім етті.

Пациент бұған дейін коронавирус анықталған науқаспен байланыста болған. Қауіпті індетке күдік бойынша алынған сынаманың оң талдауы 16 наурызда анықталды.

Науқаста өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық аурулары, стенокардия, артериялық гипертензия дертіне байланысты ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің – тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессивті нашарлады.

9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23:50-де биологиялық өлім анықталды.

Негізгі диагнозы: COVID-19 коронавирустық инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, лайелла синдромы.