Мамыр айында жоғалған шымкенттік жасөспірім полицейлерге не үшін үйінен кетіп қалғанын айтып берді

21 қараша, 18:40

Шілде айында үйінен дүкенге шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 12 жастағы жасөспірімнің Алматыдан аман табылғаны туралы жазған болатынбыз. Баланың қайда болғаны және не үшін үйінен кеткені туралы жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Elitar.kz.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілердің айтуынша, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жетінші сынып оқушысынің өзі келген.

Ол полицейлерге осы уақытқа дейін қайда болғанын және үйден кету себебін толығымен айтып берді. Белгілі болғандай, жасөспірім үйінен шілдеде емес, мамыр айында кетіп қалған.

"Оның сөзінше, әкесі мен өгей шешесі оған күш қолдану арқылы үнемі қысым көрсеткендіктен ол үйінен кетіп қалған. Әкесі оның жоғалғандығы туралы полицияға тек 1,5 ай өткеннен соң хабарлаған.

Полицейлер еріктілермен бірлесіп аталған жайт тіркелгеннен кейін күн сайын оны іздеп-табу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді",-деді қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда жасөспірімнің әкесін жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылуда. Ал баланың өзі психолог-дәрігерлердің бақылауына алынды.

Кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі инспектор жасөспірімнің әрі қарай отбасымен бірге тұруы не тұрмауына қатысты шаралар бойынша жұмыс жасап жатыр.