Желіде кеңінен тараған қызды алып қашу видеосы бойынша полиция түсініктеме берді

15 мамыр, 12:42

​Жақында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ОҚО-да орын алған орамжапырақ сатушы қызды ұрлап бара жатқан бейнематериал жарық көрді.

ОҚО полициясы қызметкерлері бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары болып шықты. Ұрланған қыз бен оның ата-анасы ешкімге қояр арыз-шағымдары жоқ.Қазіргі таңда ол қыз тұрмысқа шықты. Өз кезегінде, айта кетсек, қалыңдықтың туыстары ішкі істер органдарына бейнематериалды таратқандарды жауапкершілікке тарту бойынша арызданбақшы.