ІІМ: Әскери бөлімнен ұрланған барлық қару-жарақ толық қайтарылды

27 ақпан, 17:58

ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы бүгін әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлау ісі бойынша басты күдікті кіші сержант Абылай Балғынбайдың төртінші сыбайласын ұстады.

Ер адам полициядан қашып, Шымкентте танысының үйінде болған. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі "Макаров" және травматикалық тапанша тәркіленді.
Бұған дейін ведомствоаралық топ қызметкерлері сержанттан атыс қаруын алған әскери қызметшінің тағы үш сыбайласын ұстады. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер жан-жаққа тарап, полициядан қашып кетуді жөн көрген. Сондықтан олар ұстау операциясы Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, ұстау ғана емес, сондай-ақ олардан ұрланған барлық қару тәркіленді. Ол 29 дана "Калашников" автоматы және 28 дана "Макаров" пен травматикалық тапанша, сондай-ақ екі пышақ. Бүгінгі таңда қаруды қылмыстық мақсатта пайдалану қаупі жоқ деп сеніммен айтуға болады.
Айта кетейік, әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы және бөлімді қараусыз қалдыру қылмыстық істе сегіз адам күдікті ретінде тартылды. Олар: төрт әскери қызметші, оның ішінде дивизион командирі, әскери қызметші Абылай Балғынбайдың төрт сыбайласы. ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.