Ел полицейлерінің жалақысы артады, есесіне штат саны қысқартылмақ

26 қараша, 10:30

​ІІМ саласындағы модернизация жұмыстары туралы министр Қалмұханбет Қасымов Хабар 24 телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ондағы бағыттардың бірі - оңтайландыру. Полиция қызметкерлерінің жалақысы артады, бірақ бұл үшін құрамның бір бөлігін қысқартуға тура келеді.

"Қысқартулар болады. Біз көптеген басқару құрылымдарын қысқартамыз. Себебі көптеген басқару құрылымында бір басшыда үш орынбасары бар. Біз талдау жүргізіп, көптеген басқару құрылымдарын бес деңгейге дейін алып тастадық. Қысқартатын болсақ, бұл шамамен 16 млрд теңге, оны жалақыны көтеруге жұмсаймыз", – деді Қасымов.

Ол сондай-ақ көшелердегі патрульдік полицияны толығымен офицерлік құрамға ауыстыру жоспарланғанын атап өтті. "Олардың жалақысы 103 мыңға дейін болады. Біз үнемдейтін қаражат есебінен және үкімет бөлген ақшаны қоса алғанда лауазымдық жалақы 65% - ға көтеріледі", - деп нақтылады ІІМ басшысы.

ФОТО: oo-osa.org