Түркістан облысында ер кісіні балағаттап, бетіне түкірген полицей қызметінен қуылды

13 желтоқсан, 11:00

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Түркістан облыстық полиция қызметкерінің заңға қайшы іс-әрекетінің видеосының әлеуметтік желілерде жариялануына қатысты бұл факті Шардара аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру реестріне ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тексеру жүруде.

Өз кезегінде облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүргізілді. Департаменттің тәртіптік комиссиясының шешімімен Шардара АПБ полиция қызметкері ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды.
Ең қызығы, шенді қызметкердің заңға қайшы іс-әрекетке баруына қызғаныш себеп болыпты.