14 желтоқсан, 12:53
Қармақшы ауданының прокуратурасында қыруар іс атқарғандай кейіп танытқан криминалды полиция қызметкері жұмысының нәтижесін қорытындылады, деп жазады Elitar.kz.
Қармақшы АІІБ криминалды полиция бөлімінің қызметкері бұрын сотталған Е. Есімді азаматты үгіттеп, екі ұрлық жасауға көндірген. Осылайша полиция қызметкері жалған қылмыс әрекетіне барған.
Соның сыйақысы ретінде полиция қызметкері ол азаматқа ақша төлеуге уәде береді.
Айта кету керек, қылмыстық жұп көптеген қылмыстық іске барып үлгерген. Нақты айтқанда азамат Е. 26 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, істің барлығы екі тараптың келісімі нәтижесінде қысқартылған.
Нәтижесінде криминалды полиция қызметкері шұғыл-іздестіру әрекеттерін қолдан жасағаны үшін ҚР ҚК 416-бабының 3-тармағы бойынша екі жылға бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енді.
Автор:
Махмұд Байходжаев, Қызылорда