12 желтоқсан, 19:30
Руслан Жанпеисов есімді қоғам белсіндісі Instagram желісіндегі өзінің парақшасында бейнеролик жариялады. Онда бір кісі екіншісінің шашынан ұстап тұрып, бетіне түкіреді және боқтайды. «Біздің полицейлер кімге айналып кетті?!» деп жазылған парақшада.

Роликтен бұрын боқтаған кісінің полиция киіміндегі суреті тұр. Титрда бұл азаматтың Шардара АІІБ ЖПП взвод командирі екені жазылған. Бұл мәліметті Түркістан облыстық Полиция департаментінің өкілдері растады.
«8 желтоқсан күні бұл факті Шардара АПБ-де «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Түркістан облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы да өз кезегінде қызметтік тексеру жүргізуде» деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Автор:
Elitar.kz