Полицейлер СҚО-да жоғалған баланы тапты

29 мамыр, 17:30

Жылаған бес жасар баланы полицейлер Тайынша аудан орталығының айналма жолында тапты. Бала серуендеп жүріп, адасып кеткендігі анықталды. Ол өзін Владик деп аталды, бірақ мекен-жайын атай алмады.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлады. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ерлан Исмаилов келді. Ол балаға жан-жақты сұрақтар қойды. Машинаға отырғызды аудан орталығының шетін айналып өту кезінде бала үйге баратын жолды көрсетіп, Владикті өз бетімен іздеуге шыққан туған-туыстарына берілді.

"Мұндай оқиғалар жиі орын алып тұрады, - дейді Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов. - Сондықтан ата-аналарға кішкентай балаларына аса назар аудару қажеттігі туралы ескертудің артықтығы жоқ. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор жоғалған баланың анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді".