Еліміздің бірқатар аймақтарында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасай отырып Eitar.kz.
Ағымдағы жылдың 17 қазанында елордадағы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қалалық полиция департаменті жол-патрульдік қызметінің инспекторы, полиция капитаны К.Н.Досханов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ЖШС өкілін алдау жолымен бұрын келісілген 4 мың АҚШ долларының 390 мың теңгесін иемденген кезде ұсталған. Ол бұл ақшаны көші-қон қызметінің лауазымды адамдарына бұрын ұсталған Өзбекстан Республикасының 19 азаматын босатқаны үшін беруге уәде еткен.
21 қазан күні осы соттың үкімімен азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған полиция лейтенанты Д.С.Салқымбаев сотталды.
Дәл сол күні осындай қылмысы үшін (қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны үшін 70 мың теңге пара) Бурабай аудандық соты Ақмола облысы ПД аудандық полиция бөлімінің КҚПБ жедел уәкілі, полиция капитаны В.Б.Тенге 4 млн 900 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған.
Петропавл қалалық сотының үкімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшінжүргізушілерден бірнеше рет пара алған (тұрмыстық жемқорлық) полиция аға сержанты П. В.Кузьминых және полиция кіші сержанты Т.Е.Хисамутдинов кінәлі деп танылды.
Жоғарыда аталған полиция қызметкерлері өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнаулы атақтарынан айырылған.