Шымкентте полиция қызметкерлері "Жеңіс күні" мерекесіне орай Хюндэ маркалы автокөлігін Т-34 танкісіне айналдырған жүргізушіні анықтады.
Үшінші мегаполистің
тұрғындары Хюндэ иесінің идеясын жоғары
бағалады. Көлік иесінің айтуынша, оның ЖҚЕ
бұзу ниеті болмаған.
«Полиция қызметкерлеріне олардың жұмыстары үшін рахмет. Мен бүгін полиция бөліміне түсіндіру жұмыстары үшін шақырылдым, әңгіме барысында маған жолда мұндай әрекет жасауға болмайтынын түсіндірді, содан соң полиция мені босатты. Полиция қызметкеріне түсінгендері үшін көп рахмет. Шымкент қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын»,- дейді Хюндэ жүргізушісі.