Шымкент полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды

25 сәуір, 12:29

Куәгерлер Шардара АІІБ-нің кезекші бөліміне жас қыз жартастан суға секірмекші деп хабарлады. Қыз суға секіріп үлгерген болып шықты, өйткені полиция қызметкерлері оны судан алып шығуларына тура келді.

"Шардара ауданының жеке құрамының Шардара су қоймасына тексеру жүргізуі кезінде шамамен сағат 15-00-де, станцияның оңтүстік бағытына 500 метр қашықтықта, 8-10 метр жартас астындағы суда батып бара жатқан адамды көрдік және оны әріптесім Абдрашит Сержанмен құтқаруға жүгірдік. Біз суға секіріп, қызға құтқару кеудешесін кигізіп, оны шығарып алдық. Полиция қызметкерлері бекетте медицина қызметкерлерін шақырып, жергілікті полиция бөліміне және төтенше жағдайлар бөліміне қоңырау шалды. Олар өз уақытында келіп, алғашқы көмек көрсетті", - дейді полиция капитаны Ерімбетов Кеңес.

Полицейлер қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Ол Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша алдын ала тергеу жұмыстары тіркелді. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталуда.