Шымкентте “Гарант 24 ломбард” ЖШС-інің филиал директоры ұсталды

28 ақпан, 11:17

Шымкент полицейлері "Гарант 24 ломбард" ЖШС филиалының директорын ұстады. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Анықталғандай, ол алдау және сенімге кіру арқылы 300-ге жуық азаматтан 500 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деп күдіктелуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Estate Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталған болатын. Ол салымшыларына 100 миллионнан астам теңге шығын келтірді деп кінә тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Шымкент қаласының полицейлері жоғарыда көрсетілген ЖШС-терден алданып қалып, зардап шеккендерді полиция бөлімшесіне келіп хабарлауын сұрайды.