Бұл туралы Elitar.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып жазады. Полиция капитаны Сейілхан Садықов пен кіші лейтенант Талғат Соболев кезекшілік барысында сағат 23:30 кезінде Тереңкөл ауылының маңынан жолдың бойында апатты сигналы қосулы тұрған жедел жәрдем көлігін көреді.
Анық болғаны, Ертіс қаласынан Павлодарға бет алған дәрігерлер көлігі кенет бұзылып қалған. Соның салдарынан жас қыз көліктің ішінде тоңа бастайды.