Полицейлер жарылыс туралы жалған ақпарат таратқандарды құрықтады

27 маусым, 11:28

Бұл туралы Elitar.kz Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шымкент қаласының полиция департаменті жойқын бомба жарылысы туралы жалған хабарлама таратқаны үшін екі әйелді ұстады. Оларға қатысты ішкі істер органдары ҚР ҚК 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Соңғы тәулікте бұл аталған бап бойынша қылмыстық іс қозғаудың үшінші фактісі.
Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратудан бас тартып, үрейленбеуді ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, ресми ақпарат жедел штабпен жиі таратылады.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында 3 адамның қаза тапқанын ресми түрде мәлімдейді. Қаза болғандардың саны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын өзге де мәліметтер расталмайды. Егер азаматтар зардап шеккендер туралы қандай да бір қосымша ақпарат алса, ішкі істер органдарына ресми түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.