Қарағанды қаласындағы «Древний Рим» мейрамханасында 1 қаңтарға қараған түні ерегіс болып, соңы топтық төбелеске ұласты. Соның салдарынан бір адам мерт болып, 3 адам пышақ жарақатын алды. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түрлі қауесеттер мен төбелес жайлы нақтыланбаған мәлімет тарап, екі адамның қаза тапқаны, төбелес ұлтаралық қақтығыс салдарынан шыққаны жайлы айтылуда.
Қарағанды облысының прокуратурасы бұл мәліметті теріске шығарып, төбелес екі топтың арасында шыққанын, қақтығыстың ұлтаралық сипатта болмағанын, әр топта қазақ және басқа да ұлт өкілдерінің болғанын мәлімдеді.
Малхасян Торгом Манвелович
Малхасян Сохак Самвелович
Надырбеков Каир Хамитович
Ұсталған азаматтарға ауыр қылмыс жасады деген айып тағылуда және Қарағанды қалалық сотының үкімімен «Қамауға алу туралы» бұлтартпау шарасы қолданылған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері бұған қоса Гурурян Нарекке іздеу жариялады.
Полиция қызметкерлері іздеуде жүрген азамат туралы қандай да бір мәлімет болған жағдайда 102 телефоны бойынша хабар беруге шақырады.